Солтүстік Қазақстан облысы
М. Жұмабаев ауданы
№2 Булаево орта мектебі
БАЯНДАМА
Қазақ тілі сабақтарында дебат
технологиясының элементтерін қолдану
Қарабаева С.Н.
І санатты қазақ тілі
әдебиеті мұғалімі
2009 жыл
«Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасының» юілім беруге қатысты бөлімінде он жылда білім беру жүйесі біліммен ақпарат беру деңгейінент сол ақпараттар мен білімді пайдалана алу және үздіксіз оқуға үйрету деңгейіне дейін өзгереді деп жоспарланған. Заман талабына сай еңбексүйгіш болу аз, енді дана және дара ойлай алатын адамдар қажет.Қазіргі заманның қоғамдық, әлеуметтік басты мәселелерінің бірі – басқа ұлт өкілдерін мемлекеттік тілде сөйлей білуі. Оқу орындарында жаңа технологияларарқылы оқыту, қазақ тілін үйрену сапасының маңызын арттырады. Әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны көбіне игеріп, талдап, пікірталастыру деңгейіне жетіп, үнемі даму үстінде болуын қалайтын жаңа технологияларының бірі оқытудың американдық үлгісі – дебат технологиясы.
Жаңа заман талабына сайбілім беру – бүгін өте маңызды мәселе. Менің ойымша, осы күнде білім сапасын арттыру - басты мақсатымыз. Осы мақсатты жүзеге асыруда оқытудың тиімді жаңа технологиялардыңбірі – пікірсайыс технологиясы деп есептеймін. Пікірсайыс технологиясының басты ерекшелігінің өзі тек тұлғаға баса назар аудару болса, бұл дегеніміз оқытудың ең тиімді әдіс тәсілдердін ұтымды пайдалану.
Әрбір халық жас ұрпақ тәрбиелеуде халықтық педагогикасына назар аударады. Ұлттық құндылықтарымызды жаңарту жолында дебат технологиясы ұлтымыздың ерекшелігімізге сай келетін технология. Дебат қазақтың айтысына ұқсайды, өйткені айтыстың мақстаы: жеңіске жету, қарсыласты пікірталаста жеңу. Дебатқа дайындау үшін жаттығу ойындарды қолданамын. Мысалы: үлкен топтағы жұмыс, кіші топтағы жұмыс, бір мәселе бойынша жазу, тақырып төңірегінде шағын пікірсайыс өткізу.
|